Танымал ақын Серікбол Ермахан 17 жылдан бері жаяу қой бағып жүр.
Алаяқтарға алданып қалған ақын 17 жылдан бері қой бағып жүр
Фото: видеодан алынды
11,555
оқылды

Танымал ақын Серікбол Ермахан 17 жылдан бері жаяу қой бағып жүр. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жырлары жаныңды дір еткізетін белгілі ақын Серікбол Ермаханға жаяу қой бақтырған кім? Алаяқтарға алданудан басталған тағдыр тәлкегі талантты азаматты 17 жыл адастырғаны рас па? Алдағы күндері «Көремізден» көресіздер!», - деп жазды журналист.

Журналистің айтуынша, қой бағып жүрген ақынның қазіргі жағдайы нашар. Мал иелері ақысын бермей қойған.

Серікбол Ермахан 1977 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Астана қаласындағы аграрлық университетте 1996-2000 жылдар аралығында оқыған. Республикалық газет-журналдарда тілші болып жұмыс істеп, авторлық кітабын жарыққа шығарған.

Ақынның көрген тауқыметі туралы «Көреміз» бағдарламасының ұжымы бағдарлама әзірлеп жатыр.