Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы тек 6 қасқыр ғана аулауға рұқсат етілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, қасқыр – адамдардың денсаулығын қорғау, үй жануарларында болатын аурулар мен қоршаған ортаға зиянның алдын алу үшін бақылауға алынатын жабайы аң.
– Биыл Ақмола облысында осы жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 қасқырды тәркілеу рұқсат етілген. Рұқсат беру тәртібі мемлекеттік қызметке кіреді. Тәркілеу саны ғылыми ұйым бекіткен биологиялық негіздеме бойынша анықталады. Тәркілеу қасқырдың елді мекенге кіруі немесе үй жануарына шабуылды растаған мал иесі мен басқа да тұлғалардың, мал дәрігерінің, әкімдік өкілінің, учаскелік инспектордың қатысуымен аумақтық бөлімде тиісті акт ұсынған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса инспекцияның 8 (716-2) 31-57-11, 31-57-32, 8 776-749-90-68, 8 747-111-20-90, 8 701-516-77-41 телефондарына хабарласуға болады, – деді Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекция мамандары.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы