Жахан Отарғалиев қажылыққа ұшып кеткенін Instagram желісінде хабарлады.
"Өкінбейсің": қажылыққа аттанған Жахан Отарғалиев болашақ жарына үндеу жасады
11,287
оқылды

Некесі сәтсіз аяқталған актер Жахан Отарғалиев Меккеге қажылыққа аттанды. Өнер иесі қасиетті мекенге барып, мұсылмандық парызды орындау күйзелісте жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жахан Отарғалиев қажылыққа ұшып кеткенін Instagram желісінде хабарлады. Әзілкеш Медина қаласынан видео жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады. Ол күйзелісте жүрген жандарға міндетті түрде қасиетті мекенге келуге кеңес берді.

"Жүректің тыныштығы үшін аса ерекше әрі керемет жер. Әсіресе стрессте, күйзелісте жүрген адамдар болса, сіздерге таптырмас лайфхак. Міндетті түрде осы жаққа келіп, зәм-зәм ішіп, пайғамбарымыздың мешітінде намаз оқып кетіңіздер. Сол кезде жүректің тыныштығын ерекше сезінесіздер", – деді актер.

Сонымен қатар өнер иесі болашақ келіншегіне үндеу жолдап, өзінен мәһірге умраға жолдама сұрауды өтінді.

"Армандауға болатын шығар? Бұйыртса, үйленгеннен кейін бірден келерміз. Болашақ менің келіншегім, егер дәл қазір осы видеоны көріп отырсаң, мәһірге менен умраға жолдама сұрашы. Өкінбейсің. Егер келген болсаң, тағы келуге тырысасың. Қалған заттардың барлығы болады", – деді Жахан Отарғалиев.