Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 58,8 миллион теңгеге айыппұлға сотталды.
Алматы облысы жол-патрульдік полиция батальонының 6 қызметкері сотталды
4,808
оқылды

Биыл 4 қаңтарында Қарасай аудандық соты Алматы облысы Жол-патрульдік полиция батальонының 6 қызметкеріне және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында автокөлік жүргізушілерінен пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 58,8 миллион теңгеге айыппұл төлеу жазасы кесілді.

Осы үкіммен пара берушілерге жалпы сомасы 3,85 миллион теңгеге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.