Қазақстанда кейбір мемлекеттік органдардың сайты ашылмай тұр. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Компанияның хабарлауынша, 12 қаңтарда сағат 13:00-ден 13 қаңтардағы 09:00-ге дейін, сондай-ақ 13 қаңтарда 13:00-ден 14 қаңтардағы 09:00-ге дейін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.
"Жоғарыда айтылғандарға байланысты аталған кезеңде осы платформаның интернет-ресурстары қысқа уақытқа қолжетімді болмайтынын хабардар етеміз", – делінген хабарламада.