Вакцина алмағандар арасында ауруға шалдыққандар көбейген.
Астанадағы теологтар, мешіт пен шіркеу қызметкерлері вакцинаның пайдасын түсіндіреді. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Теолог, мешіт, шіркеу қызметкерлері емханада вакцинаның пайдасын түсіндіретін болды
907
оқылды

Діни сенімге байланысты екпеден бас тартқан жандарға емхана қызметкерлерімен қоса, молдалар дерек пен дәйек арқылы иммундауға кеңес бермек. Қызылша жағдайы мен балаларына екпе салдыруға қарсы ата-аналармен осындай жұмыс жүргізілетіні туралы Астана денсаулық сақтау басқармасының өкілі айтты.

Астанада күн сайын 30 адамнан қызылша дерті анықталып жатыр. Көрсеткіш біршама төмендегенімен, эпидахуал әлі де күрделі.

Биыл тек 11 күннің ішінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Қауіпті дерт, әсіресе балалар арасында күрт көбейген. Мәселен, мектепке дейінгі білім беретін 21 ұйымда, оның ішінде 18 балабақшада осы вирус анықталған. Ал мектеп оқушылары арасында ауру белгілері анықталған жағдайда іс-шаралар тоқтатылып, жан-жақты шектеу қойылуда. Астананың бас мемлекеттік санитария қызметі дерттің дендеуіне вакцинация қарқынының төмендігі себеп деп отыр. Мәселен, науқастардың 80 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған. 

«Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болуы да маңызды рөл атқарады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек», – дейді Астана бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова.

Бұған дейін қызылша ауруы дендегенін хабарлаған болатынбыз.