Ол командалардың тізімі де шықты.
Арыз түскен: FIFA Қазақстанның 7 футбол клубын жазаламақ
3,543
оқылды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет айтты, – деп жазады Aiqyn.kz.

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен. 

“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті, Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”, – деп жазды журналист. 

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

"Қайсар" - 1

"Оқжетпес" - 1

"Ақсу" - 2

"Тараз" - 4

"Шахтер" - 5

"Каспий" - 7

"Тұран" - 8