Оқиға Абай облысында болған, - деп хабарлайды Aiqin.kz.
«Рульде 31 жастағы жүргізуші отырған» – 17 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады
5,495
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Үржар ауданы Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде автобус аударылған.

Дауыл салдарынан жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді игере алмаған. Автобус жол шетіндегі жыраға құлаған. 

Автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға жолға шыққан.

Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Автобусты жырадан шығару мәселесі қарастырылып жатыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.