Оқиға Мақат ауданында болған.
Атырауда ер адам өз-өзін өртеп жіберді
Фото: Денсаулық сақтау басқармасынан алынды
1,513
оқылды

Денесін 70% күйік шалған ер адам қазір Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат ауданында болған.

Полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Аталған хабарлама бойынша 1961 жылы туған азаматты 70 пайыз күйік шалғаны анықталып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА