Мұны АҚШ-тың ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика ұлттық басқармасы (NASA) мен америкалық Lockheed Martin әскери-өндірістік корпорациясы жасаған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Х-59 эксперименттік ұшағы Палмдейлдегі (Калифорния штаты) Lockheed Martin зауытында таныстырылған.
Quesst бағдарламасы аясында жасалған «тыныш әрі дыбыстан жылдам ұшақтың» негізгі ерекшелігі – ол дыбыстан жылдам қозғалатынына қарамастан ұшқанда ешқандай дауыс шықпайды.
NASA пікірінше, жаңа ұшақты сынақтан өткізу болашақта АҚШ-та және басқа елдерде 50 жыл бұрын енгізілген, әлі де қолданыстағы коммерциялық дыбыстан жоғары авиацияның құрлықта ұшуына салынған тыйымды жоюға мүмкіндік береді.
Ұшақты жасаушылар Х-59 прототип емес, эсперименттік ұшақ екенін атап өтті. Ұзындығы – 30 м және қанаты 9 метрге жететін ұшақ сағатына 1488 шақырым жылдамдықпен қозағала алады. Бұл – дыбыс жылдамдығынан жоғары.