Жол тазалаушылар осыған байланысты жүргізушілерге үндеу жолдады.
Астана мен Көкшетаудың арасындағы тасжолда 9 автокөлік соқтығысты
1,455
оқылды

Бүгін Астана-Көкшетау тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бүгін сағат 11:30-да Көкшетау қаласынан Астана қаласы бағыты бойынша жол қызметі мен ЖПҚ сүйемелдеуімен машиналар колоннасы ұйымдастырылғанына қарамастан 9 автокөлік соқтығысып қалды", – деп жазды ҚазАвтоЖол мамандары 

Осыған байланысты жауапты ведомство автожол пайдаланушыларынан ауа райының қолайсыздығын назардан тыс қалдырмай және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрады.