Апалы-сіңлілі қыздарды туыстары құлдықта ұстаған.
«Әкем дүкенге апарушы еді» – 17 жыл құлдықта болған қыздар алғаш рет ата-анасы туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
2,399
оқылды

Екі қыздың тағдырына алаңдаған бірге оқыған сыныптастары араша сұрады. «Көреміз» бағдарламасына эфирге шыққаннан кейін тағдыр тәлкегіне ұшыраған қыздар құлдықтың қамытынан құтылды.

Қыздардың қазіргі халы туралы «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай көпшілікке жария етіп тұрады.  

 

Журналистің айтуынша, 5 ай бойы бақылауда жүрген қыздар бірде-бір рет ата-анасы жайлы сөз қозғамаған. 

Видеода Назгүл еміс-еміс есінде қалған балалық шағынан:  «Анам да, әкем де жақсы адам еді. Дүкенге ертіп барушы еді. Құндыз кішкентай болатын...», – деп естелік айтады. 

«Олардың жанын жараламау үшін біз де ләм-мим демедік. Алайда күні кеше Назгүл ата-анасы жайлы сыр шертті… Өткен күндер туралы естеліктер ақтарып, марқұм ата-анасымен бірге өткізген күндері жайлы айтып берді.

Расымен осы жазбаны көріп, шын қуандым. Айтылған ақпараттар үшін емес, әсте. Қыздар жаңа өмірге үйренісіп, бізге қысылмастан сыр шертетін күнге жетті. Осы үшін дән ризамын. Ал біз ем-домды әрі қарай жалғастырамыз. Қыздардың бастан өткерген қиындықтардан қуат алып, бұдан да мықты болатынына сенемін! Себебі Назгүл мен Құндыз әкесі Сұлтанбектің ғана емес, күллі қазақтың аманатына айналды», – дейді журналист.

Бұған дейін де журналист Руслан Өтепбай екі қыздың денсаулығы түзеліп келе жатқанын айтып, видео жариялаған еді.