Ильфа Жансүгірова 1935 жылы дүниеге келген.
Ілияс Жансүгіровтің қызы 89-ға қараған шағында өмірден өтті
Фото: Facebook/Жанар Джандосова
1,174
оқылды

Ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні Ильфа Жансүгірова дүние салды. Бұл туралы белгілі алаштанушы, жазушы Елдос Тоқтарбай Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлы мен аңыз ана Фатима Ғабитованың қызы, қос асылдың сынығы болған қайсар Ильфа анамыздың да уақыты болған екен. Ұлы жүрек тоқтапты. Ілиястың көзіндей еді. Әкесінен аумайтын. Әкесінің суретіне қарап отырушы еді", – деп еске алады өз парақшасында жазушы Елдос Тоқтарбай.

Жазушы жазбасы арқылы марқұмның інісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке, қыздары Ажар, Жанар, Дина, Фатимаға қайғырып көңіл айтқан.

Айта кетейік, Ильфа Жансүгірова 1935 жылы дүниеге келген. Ол – Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні.