Өңірдің Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне бұл ақпаратты растады.
Қызылорда облысында журналистер отырған автобус жол апатына ұшырады
3,545
оқылды

Қызылорда облысында журналистер отырған автобус жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Өңірдің полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне бұл ақпаратты растады. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілі бұл дерек тіркелгенін, оған қатысты тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Opennews.kz басылымы мәліметінше, журналистер отырған шағын автобус 15 қаңтарда Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылында оқыс жағдайға ұшыраған. Өңірлік басылымда БАҚ өкілдері Қызылорда облысы әкімдігінің қызметін насихаттау үшін ауданға бара жатқаны айтылады.

"Олар аймақ басшысынан бұрын келесі нысанға баруға асықты, бірақ олардың көлігі жолда тайып кетті. Қайтыс болғандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар", - деп жазылған басылым мәліметінде.