Тұрғындардың айтуынша, сүзгілер көрсетілген қасиеттеріне сәйкес келмей әрі фирма өкілдерімен мобильді қосымшалар арқылы несиеге рәсімделген.
Ақмола облысында тұрғындарды су сүзгілерін несиеге сатып алуға мәжбүрлеген
964
оқылды

Ақмола облысында бірқатар фирмалар су тазарту сүзгілерін нарық бағасынан айтарлықтай қымбат бағаға сатып орнатқан. Бұл туралы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Зеренді ауданы, Краснояр селосының Нұрлы көш шағын ауданы тұрғындарынан шағым түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Тұрғындардың айтуынша, сүзгілер көрсетілген қасиеттеріне сәйкес келмей әрі фирма өкілдерімен мобильді қосымшалар арқылы несиеге рәсімделген. 

– Арызданушылар көпшілігі жалғызбасты зейнеткерлер мен қария адамдар. Олар денсаулыққа пайдалы болғандықтан су сүзгілерін орнатуға келісімін берген. Алайда, орнатып алған сүзгілері көрсетілген талаптарға сәйкес келмей суды толықтай тазартуға қауқарсыз болып шыққан, – деді департаменттен. 

Ведомствоға бұдан кейін де тағы шағым түсірушілер көбейе түскен. Департамент мамандары зардап шегушілерге құқықтық көмек көрсеткен. 

– Осылайша сүзгі сатып алу үшін алған несиелерінің күші жойылды. Фирма тұрғындардан алған 370 мың теңге мөлшеріндегі ақшаны толықтай кері қайтарды, – деп атап өтті департаменттен. 

Ведомство «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның» 15-бабына сәйкес тұтынушының: 

Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуге;

Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін; 

тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы екенін атап көрсетті. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы