Олардың қатарында аккредиттеу жөніндегі куәліктері мен лицензияларынан айырылған компаниялар да бар, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ақмола облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, облыс аумағында заңды белден басып, тұрғын үй салуда өрескел түрде бұзылған 107 заңбұзушылық анықталған. Оларға жасалған кемшіліктерді түзетуге 105 нұсқау берілген.
- Құрылыстарды және құрылыс-монтаждау жұмысын сапасыз салғаны әрі ұйымдастырғаны үшін 21 ұйым жауапкершілікке тартылды. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін 5 техникалық қадағалау ұйымы мен екі сарапшыны алты ай мерзімге атестаттауын тоқтатып, жауапқа тарттық. Құрылыс лицензиясынан «Град-Строй Сервис» ЖШС компаниясы айырылды. «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» компаниясы аккредиттеу куәлігінен айырылды, - дейді ведомстводан.
Сондай-ақ Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық соты «Коттедж қалашығы құрылысы» нысанында заңсыз тұрғызылған құрылыстарды сүру туралы Satti Town ЖШС-на қатысты шешім шығарды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы