Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде өрт шықты. Соған байланысты сол маңдағы тұрғын үйден 5 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:58-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы Розыбакиев көшесі 13 мекенжайына шақыртуға шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте «Тауфик» дәмханасының шатыры жанып жатқанын анықтады.
«Өрттің таралу қаупі көршілес құрылыстарға туындап, сол маңдағы үйден 5 адам эвакуацияланды. Дәмханада ешкім болған жоқ. Жанып жатқан ғимараттан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», – деп хабарлады департаменттен.
Өрт сағат 9.43-те толығымен жойылды.
Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды.
Өртті сөндіруге 30 адам, 10 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылды