2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтық іс-әрекетке барған судья Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни алаяқтық іс-әрекеті үшін айыпталды.
Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
– Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңгені алу кезінде парамен ұстады, – делінген хабарламада.
Қазір екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.