Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
250
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұ­рынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр­дың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елба­сы­ның  баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті перулық дип­ломат пен саясаткер, Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. «1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның БҰҰ-ға жаңа мүше болып қабылдануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэльяр біздің еліміздің осы ұйымға қосылу процесіне үлкен еңбегін сіңірген тұлға» делінген жеделхатта. «Осынау азалы сәтте сая­саткердің отбасы мен туыс­тарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйым­ындағы әріп­тестеріне қай­ғырып көңіл айтамын» делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутер­ришке жолдан­ған же­дел­хатта.