Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті
1,135
оқылды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету жөнінде шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 б.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады», – делінген банктің хабарламасында.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, былтыр жылдық инфляция бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция өткен жылы желтоқсанда орташа жылдық мөлшерден біршама жоғары болды.

Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда.

Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр.