Бұл - 20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал, ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды.
Үш облыстағы жолдың 4 бөлігінде көлік қозғалысы шектелді
656
оқылды

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді.

Жамбыл облысында -1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 шақырым,  Кенен ауылы -Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 шақырым.

(жаңбыр аралас қар, жел, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында - 1 учаске

«Үшарал-Достық» 84-184 шақырым; Көктұма стансасы - Достық стансасы - 100 шақырым (тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске

«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы- РФ шекарасы - 100 шақырым (жел, боран, көрінуді шектеу).

«Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 шақырым.

(РФ ауа райының нашарлауына байланысты).

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.