ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жасап жатыр.
Алматы облысында үш есiрткi зертханасы жұмыс істеген
1,058
оқылды

Алматы облысындағы сала мамандары есірткі өндіретін үш жасырын есірткі зертханасын бір мезетте жапты, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Оның екеуі фитолаборатория болып шықты.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді.

Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды. Оның екеуі - таяу шетел азаматтары.

"Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы, жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жабылды. 400-ден астам есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы – шетелдіктер.