Мұны Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
Бұл сабақ болды: танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жауапқа тартылды
965
оқылды

Белгілі актриса, продюсер Құралай Анарбекова жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aiqyn.kz. 

Алматы қалалық Полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. 

"Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", – деп атап өтті құқық қорғаушылар.

Әлеуметтік желі қолданушылары айыппұл салынған қыздың танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбековаға ұқсайтынын байқаған.

“Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рульге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рульге отырғаннан кейін, қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім", – дейді актриса. 

Сондай-ақ өнер иесінің қатесі басқаларына сабақ болғанын да айтты. 

“Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер”, – деп кеңес айтты өнер иесі.