Батыс Қазақстанда полицейлер облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолын кесті.
Полицейлер ірі көлемде темекі тасымалдаған саудагерді ұстады
2,367
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   

Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды.

Сонымен қатар танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді.

Барлығы 1 074 блок пен 68 қорап акцизсіз темекі заты тәркіленді.