Түркия мен Ресей Идлибте атысты тоқтатты
Түркия мен Ресей Идлибте атысты тоқтатты
Фото: Интернеттен алынды
181
оқылды
Түннен бастап Идлиб провинциясындағы атыс тоқтады, – деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі. Дереккөздің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған РФ президенті Владимир Путинмен бірге осы мәселеге қатысты өткен келіссөз қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. «Бүгін түнде 00:01-ден бастап Сирияның Идлиб қаласында атысты тоқтату режімі күшіне енеді» деп мәлімдеді. Түркия президентінің айтуынша, Идлиб деэскалация аймағының мәртебесін ауыстыру қажеттілігі туындаған. «Түрік әскерилері қаза тапқан соң, Идлиб деэскалация аймағының жаңа кво-мәртебесін қалыптастыру керек», – деді Ердоған. Оның айтуынша, Түркия мен Ресей қысқа уақытта атысты тоқтады. Одан соң тараптар келіскен басқа да қадамдар жасалады. Ал ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ердоған Түркия Сирия әскерилерінің әрекетіне қарсы жауап беруге құқылы деп мәлімдеген. «Режимнің (Сирия президенті Башар Асад) тарапынан жасалған кез-келген шабуылға Түркия өз күштерімен қарсы жауап беру құқығын таңдайды», – деді түрік елінің басшысы. Ол «Анкара сириялық босқындардың отанына қайтуы мәселесінде жәрдемдеседі» деп уәде берді.