Атырау облысында 13 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Жылыой ауданының 39 жастағы тұрғыны 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен. Сол күні түнгі сағат 22:30 шамасында анасына «Зираттың жанында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.
Содан соң еш хабар болмаған. Туыстарымен байланысқа шықпапты. Оның қай бағытқа кеткені белгісіз болып отыр. Қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.