Бүгін сағат 22.00-дегі мәлімет бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар жол жабылды.
Үш облыста республикалық маңызы бар жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды

Автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.  

Алматы облысында – 1 учаске

1. «Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Ақы алу пунктінен – Жетісу облысының шекарасына дейін – 230 км. Дауыл соғып, күн күрт суытты.  

Жетісу облысы – 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. – 100 км. Өңірде боран соғып тұр.

Батыс Қазақстан облысында – 2 учаске

1. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.

2. «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау облысының шекарасы – Чапаев к. – 182 км. Жел соғып, жаңбыр жауып тұр. 

Республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.