Шаңырағы өртке оранған отбасы Nur Otan-нан көмек сұрады
Шаңырағы өртке оранған отбасы Nur Otan-нан көмек сұрады
Фото ашық дереккөзден алынды
289
оқылды
Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғам­дық қабылдау бөлмесіне келген Кенжекөл ауылының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Нұрлан Сейтқазинов 25 ақпанда үйі өртке оранғанын айтып, партиялықтардан көмек сұрады. Ол оқыс оқиғадан кейін жарымен, үш баласымен далада қалғанын айтты.
– Тұтқиылдан шыққан тілсіз жау баспанамыздан айырды. Өрт болған кезде тек құжаттарымызды алып үлгердік. Қалған дүние-мүл­кіміз қас-қағым сәтте күлге ай­налды. Отбасымызбен көшеде қал­дық, – деді Н.Сейтқазинов.
Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының басшы­лығы «Халыққа көмек» және «Ба­қытты отбасы» партиялық жоба­лар бойынша уақытша тұрғын үйді жалға алуға жәрдемдесті. Сондай-ақ Nur Otan партиясы Пав­ло­дар облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Илья Теренченко Сейтқазиновтар отба­сы­мен кездесіп, азық-түлік пен қа­жетті тұрмыстық заттарды табыс етті.
– Сейтқазиновтар отбасымен кездесіп, болған жағдайды өз ауыз­дарынан естідім. Бұл мәселе пар­тияның Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың жеке қадағалауында болады, – деді Илья Теренченко.
Сонымен қатар Сейтқази­нов­тар отбасын қалалық партия фи­лиа­лының төрағасы, қала әкімі Қайрат Нүкенов жеке қабылдады. Қабылдау қорытындысы бойынша Қайрат Теміршотұлы зардап шек­­кен отбасыға қажетті көмек көр­сетілетінін айтып, тиісті орындарға тапсырма берді. Өз кезегінде Нұрлан Сейтқази­нов отбасының атынан Nur Otan партиясының мүшелеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс біл­дірді. Тұрғын үйді қалпына кел­тіру мәселесі мемлекеттік сарап­таманың қорытындысы бойынша қаралып, Nur Otan партиясы Пав­лодар облыстық филиалының бақылауына алынды.  

Әбілмансұр ЖАСАН