Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді
6,354
оқылды

Алматы облысында қаңтардың 23-і тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыда 2-3 балл шамасында болған,  деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, жерасты дүмпулері 05:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. МSK-64 шкаласы бойынша, Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл сияқты сезілген.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, полиция бөлімін, «Қазселқорғау», прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ,  делінген хабарламада.