Жас жігіт тікелей эфирде алкогольді ішімдік ішіп, балағат сөздер айтқан.
Таразда TikTok-тағы тікелей эфирде отырып көлік жүргізген жігіт жазаланды
Фото: polisia.kz
3,174
оқылды

Жамбылдық полицейлер әлеуметтік желілерге жасалған мониторингтен кейін заңды бұзған жүргізушіні ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әкімшілік полиция қызметкерлері TikTok желісінде тікелей эфирде отырып, жол ережесін бұзушыны анықтады.

Көлік тізгіндеген жас жігіт тікелей эфирде алкогольді ішімдік ішіп, балағат сөздер айтқан. Артынша алдыңғы нөмірін шешіп алып, қаланы аралап шыққан. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісін анықтады, деді ведомствоның баспасөз қызметі.

24 жастағы жүргізушіге көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисінсіз жүргізгені және жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушы енді айыппұл төлейтін болады және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды.