Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Шымкентте 11-сынып оқушысы суицид жасап, көз жұмды
1,160
оқылды

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18.30 шамасында үйінен суицид жасаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.

Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.

Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.

«Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген басқарма ақпаратында.

Ал  Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.