Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.
Кентау қаласында 4-қабаттан секірмек болған тұрғын құтқарылды
729
оқылды

Түркістан облысы Кентау қаласында учаскелік полицей 4-қабаттан секірмекші болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пәтерін ішінен құлыптап алған 29 жастағы ер адам қолына ілінген заттарды 4-қабаттан төмен қарай лақтырған. Соңында өзі де терезеден секірмекші болады.

Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары шұғыл шаралар қабылдауға көшті. Тәртіп сақшылары ер адамды тыныштандырып, назарын басқа жаққа аударды. Ал, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан терезе алдында тұрған жігітті бірден құшақтап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.

«Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған Кентау қаласының тұрғыны, яғни жігіттің әкесі ұлын құтқарған полицейлерге алғысын білдірді», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.