Шартты түрде сотталған азамат 2023 жылғы 30 шілдеден бері іздеуде жүрген.
Мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодар вокзалында ұсталды
1,289
оқылды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодардағы теміржол вокзалында ұсталды. 48 жастағы азамат облыс тұрғыны болып шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, қызметкерлер "Тасымалдаушы" жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында стансаның теміржол вокзалында бағдарлау бойынша ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде шартты түрде сотталған азаматтың 2023 жылғы 30 шілдеден бері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.