Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Майқайыңдағы апат орнына көріпкелдің келуіне департаменттің қатысы жоқ – ТЖД
Фото: pavlodarnews.kz
1,548
оқылды

Майқайыңдағы апат орнына көріпкелдің келгені жөнінде ақпарат тараған еді. Оны қайғылы оқиға болған орынға іздестіріліп жатқан қызметкерлердің туыстары шақырған,  деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Майқайың кенішінде құлап кеткен автобустағы құтқарушыларды  іздестіруге Айгүл есімді көріпкелдің шақырылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

– Ешбір бөлім олардың бұл әрекетіне кедергі бола алмайды. Ол олармен бірге қауіпсіз қашықтықта болды. Құтқарушылар жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген жерге жақындамады, – дейді департаментте.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың қозғалуын сканерлеуге арналған жабдық, геосканер және металл іздегіш пайдаланылады. Сондай-ақ шұңқырдың түбінде кинологиялық бригадалар үнемі жұмыс істейді. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштеріне қарай реттеледі.

Еске сала кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарту талап етілмейтіні туралы хабарлаған болатын. 18 қаңтар күні экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары мен жеке заттары табылды.