Көлік министрлігі әуежай маңында заңсыз салынған ғимараттарды бұзуға тура келеді. Себебі, ұшақтардың ұшып-қонуына кедергі келтіреді.
Әуежай маңында заңсыз салынған ғимараттар жаппай бұзылады
Фото: ТЖМ-нен алынды. Алматы маңында тұрғын үйге соғылған ұшақ.
2,400
оқылды

Министрлік әуежайға тым жақын салынған ғимараттардың санын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

КТК-ның мәліметінше, ережені жан-жақты талқылаған комиссия мүшелері болашақта бұзылатын ғимарат қожайындарына қанша өтемақыны берілетінін әлі нақты айтпады. 

Сондай-ақ жаңа өзгерістер әуежай аймағында биік ғимараттар мен егіс алқаптарының мүлдем болмауын көздеп отыр. 

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ аэродромдар департаментінің инспекторы Мұхтарбек Тұрлыбеков: «Әуежай маңында ауыл шаруашылық фермалары, құс өсіретін фабрикалар орналаспауы тиіс. Яғни нысанның жұмысына ештеңе кедергі келтірілмеуі керек. Санитарлық-қорғаныс аймағы болып есептелгендіктен, бұл маңда жер үй құрылысына рұқсат етілмейді. Қайта-қайта ұшақтардың ұшуынан ауаға бөлінетін қалдықтар әуежай маңында тұратын адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», – дейді.

Бұған дейін Шымкент әуежайының мәселесі туралы жазған болатынбыз.