Сот жүйесіндегі реформалар – үздіксіз даму мен жетілдіруді талап ететін процесс. Былтыр наурыз айында Президент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оның мәтіні көпшілікке жарияланды.
Әлімжан Жұбатқанов: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жоғары тұруы қажет
4,991
оқылды

Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында қабылданды. Соңғы жылдары елімізде көптеген, соның ішінде сот төрелігі саласында жүйелі және маңызды өзгерістер болып жатқаны рас. Осы ретте біз адвокат Әлімжан Жұбатқановпен бұл мәселе төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

– Әлімжан мырза, бұқара халық сұ­ра­нысы көпшілік жағдайда сот билігі ар­қылы реттелетіні рас. Мемлекет бас­шысы 2023 жылғы қыркүйектегі Жол­дауында қоғамда заң үстемдігі берік ор­нығып, сот төрелігі әділ атқарылуы үшін судьялар корпусын шұғыл түрде жаңар­тып жасақтау қажет екенін алға тартты. 

– Кеңес заманында соттарды халық сай­лаған, соның ішінде автономды мем­лекеттердің халқы аудандық сот­тарды 5 жыл мерзімге сайлайтын. Жал­пы, соттарды халық сайлағаны дұрыс, қа­зіргі сот жүйесі бізде аудандық соттар, об­лыстық соттар және Жоғарғы Сот бо­­лып үш сатылы соттан тұрады. Сот­тар­дың мәртебесі «Сот жүйесі мен сот­­­тардың мәртебесі» туралы заңмен бе­кітілген. Алайда аудандық соттарды Президент тағайындағаннан кейін бәрібір де облыстық соттарға деген ба­ғыныштылық болады. Облыстық сот­тың жиналысына қатысады, қаралған іс­тердің статистикасы бойынша есеп­те­рін береді, аудандық соттың төра­ға­ла­рына резервті облыстық сот ұйым­дас­тырады және аудандық соттың су­дья­ларының тәртіптік жауапкершілікке тар­ту туралы мәселесін облыстық сот­тың пленарлық отырысында мате­риал­дар қаралып, Жоғарғы Сот кеңесіндегі қазылар алқасының қарауына беріледі. Ау­дандық соттарда облыстық сотқа жал­тақтап қарайтындай қорқыныш болмауы керек, себебі үстінен бақылау жа­сайды. Мәселен, аудандық соттың су­дьялары кейбір істі ақтайын десе апелляциядан қорқуы мүмкін. Себебі апелляциялық инстанцияның аудандық сот­­тардың шешімдері мен үкімдерін бұ­зып жіберетін құзыреті бар. Сон­­дық­тан аудандық соттар тек сайланған жағ­­­дайда толық тәуелсіз болады. Бұрынғы Жо­ғарғы Соттың төрағасы Мұсабек Әлім­беков «Қазақстан қоғамындағы сот жүйесінің даму негіздері» деген халықаралық конференцияда соттарды сайлау керек екенін айтып өтті. Жалпы, мұны халықтың көбі қолдап отыр. Біз­дің еліміз демократиялық жолмен сай­лау жүйесіне қадам басып келе жат­қа­нын атап өтуге болады. Мұның бір дә­лелі – ауылдық округтік және аудан әкім­дерін сайлау жүйесі енгізілген бо­латын. Мәжіліс депутаттығына парт­ия­лық тізімнен бөлек, бірмандатты сайлау жүйесі енгізілді. Яғни, елімізде көптеген заң жетілдіріліп, алға қарай жақсы жа­ғы­нан дамып келеді. Еліміздің Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті, жаңа Қазақ­стан­ға қадам жасаймыз» деп сол жолда бір­қ­атар реформа енгізіп келеді. Жаңа айтып кеткен ауыл, аудан әкімін және бір мандатпен мәжіліс депутатына сай­лау осының көрінісі екенін көруге бо­ла­ды. Бұл соттарды сайлау жүйесі бұ­рын кеңес заманында Қазақстанда бол­­ғандықтан, судьялар тәуелсіз болуы үшін қайтадан сол сайлау жүйесіне ора­луы­мыз қажет. Америка Құрама Штат­тарын­да 50-ге жуық штат  бол­са, сол штаттардағы сот­тарды ха­лық­­тың өздері сайлайды. Сондай-ақ Швей­царияда да соттарды халық сай­лайды. Тіпті, партия арқылы да сайлана бе­реді. Ал біздің елде сот болу үшін Жо­ғарғы Сот кеңесіне 30 жас­қа толған аза­мат, 5 жылдан астам заң саласында тә­жірибесі бар азаматтар құжаттарын тап­сыра алады. Ол жерде біліктілігін тек­серуге компьютерлік 8 пән бойынша тест тапсырады, эссе жазады, кейс есеп­те­рін шығарады, содан кейін пси­хо­ло­гия­лық тесттен өтеді, Ұлттық қауіпсіздік департамен­ті­нің психологтері әңгі­ме­лесу өткізеді. Көп азамат осы психо­ло­гия­лық тесттен өте алмай жатады. Се­бебі мұны сонша­лық­ты қиындатып қой­ған. Психоло­гия­лық тест тапсыр­ған­да қай жерінен қате кеткені ашық түр­де жарияланбайды. Одан кейін 6 ай­дан соң ғана қайта тапсыра алады. Біз­де көбіне судьялыққа өтіп жатқандар – сот хатшылары. Сот­тың хатшылары хат­шы болып жүріп, Жоғарғы Сот төре­лігі академиясында оқып, содан соң су­дья болады.

– Мемлекет басшысы бірінші кезекте бар­лық судьяның мәртебесін теңестіруді, олар­ өзінен жоғары тұрған әрі­п­тес­теріне тәуелді болмау қажет екенін атап өтті. Қоғамда судьялар үкім шығарылған аза­матты ақтауға қорқады деген пікір бар. Сіз айтып отырған ұсыныс осы ол­қы­лық­тарды жоя ма? Сіздің ойыңызша, сот­тар ешкімге жалтақтамауы үшін не істеуі­міз керек?

– Әлеуметтік әділеттілікке қол жет­кізу үшін сот тәуелсіз болуға және тек Конс­титуция мен заңдарды басшылық­қа алуға тиіс. Оған ешқандай қысым көр­сетілмеуі керек. Иә, аудандық сот­тар­дың шығарған шешімдері мен үкім­дерін облыстық соттар апелляциялық ал­қасы көп жағдайда өзеріссіз қал­ды­рып жатады. Арыз-шағымдар қарал­май­ды деп наразылығын айтып жатқан аза­мат көп. Осыған байланысты апел­ля­­циялық соттардан аудандық соттар қо­рықпай шешім шығару үшін аудан­дық соттың шешімін, басқа облыстық апел­ляциялық сот қарайтындай етіп жүйе­ні өзгерту қажет. Себебі сол ау­дан­дық соттың судьясын облыстық соттар та­ниды. Сондықтан соттардың беделін арт­тыру, қызметін жетілдіру бағытында жүйелі және күнделікті қажырлы жұ­мыс қажет.

– Сонымен қатар Президент биылғы Жолдауында кассациялық деңгейде бо­лып жатқан реформаларды да атап өтті. Оның ішінде судьялардың әлеуметтік ке­пілдігі, кәсіби біліктілігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті екені рас. Осы кас­са­ция­лық сот туралы сіздің пікіріңізді біл­сек...

– 2023 жылғы 12 қыркүйекте Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің биз­нес-қоғамдастығының өкілдерімен кез­десуде, Жоғарғы Соттың касса­ция­лық сатысында істердің 5% пайызға жуы­ғы қаралатынын айтып, дербес кас­­сациялық инстанция құру керегін айт­қан болатын. Соған байланысты қа­зір заңгерлер осы мәселені талқылап жатыр.

Осыған орай барлық іс санаттары­ның кассациялық тәртіпте қайта қа­ра­луы­на мүмкіндік жасап, азаматтар мен заң­ды тұлғалардың өз құқықтарын то­лық жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Дер­бес кассация сатысы әлемнің көп­те­ген елінде, Түркия, Ресейде бар. 

Кассациялық соттарға халықтың көңілі толмайтыны рас. Себебі кас­са­ция­ға күшіне енген істер бойынша қай­та қарауға өтінішхат жазсаңыз, олар қа­­раудан бас тартып, қарауға негіз жоқ деп кері қайтарып жібереді. Бір мысал ай­­тайын. Мен Ақтаудағы бір әйелдің ісі бойынша Жоғарғы Соттың кассация­сы­­­на үкімнің күшін жойып, толық ақ­тау­­ды сұрап және мүлкін қайтаруды жаз­­ған едім. Кассациялық сот өтінішті қа­­рамастан үкім заңды, негізді, дәлел­де­мелер бар деп қараудан бас тартты. Мен тәжірибелі адвокат болғандықтан, осының қыр соңынан қалмай Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың қабылдауына кіріп, аталған іс бойынша кас­сациялық соттың негізсіз қарамай қай­тарғанын айтып, М. деген аза­мат­ты ақтауды және 2 қабатты үйін заң­сыз тәркілегенін дәлелдеп жеткіздім. Себебі ол мүліктің қылмыстық жолмен кел­мегенін, өзі несие алып үй салғанын, оның құжаттармен дәлелденгенін ай­тып, өзіне қайтаруды сұрадым. Төраға тек мүлікті қайтарумен келісіп, касса­ция­­лық сатыға қайта қарауға ұсыныс ен­гізді, сол ұсыныстан кейін касса­ция­лық соттың 3 судьясы үкімді өзгертіп, М. деген азаматтың мүлкін қайтаруға ше­шім шығарды. Әрине, бұл үлкен же­тіс­тік! Негізінде, ол әйелді толық ақтау ке­рек еді. Себебі оның кінәсін дәлел­дей­тін айғақтар жеткіліксіз еді. Бірақ со­ның өзінде судьялар төрағаға істі дұ­рыс баяндамағанның кесірінен іс жан-жақты объективті дұрыс қарал­ма­ған деп ойлаймын. Істерді төрағаға баян­дайтын судьялар, дұрыс баяндамаса іс нәтежелі қаралмайды. Жалпы, айта берсек, осын­дай жапа шеккен жандар өте көп-ақ! «Заңсыз әртүрлі мерзімге сотталдым» деп жылап-еңіреп, әділдік іздеп жүрген аза­мат көп. Кассациялық сот про­цес­те­рін өткізіп, жазықсыз адамдардың ісін қайта қарайтын болса, әділдікке қол жеткізіп, тіпті көбінің ақталатындай мүм­­кіндігі болар еді деп ойлаймын. Қыл­­­­­мыстық процестік кодекстің 484-ба­бында кассациялық сот қарауына кедергі кел­тіріп қойған заң нормалары бар. Мә­селен, онда қылмыстық теріс қы­лық­тар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істерді қарауға жатпайды де­лін­ген. Бұл заң нормалары сот­­тал­ған азаматтардың кассациялық сот­­қа шағымдануға құқықтарын шектеп қой­­ған. Сондықтан бұл нормаларды алып тастауды қажет етеді. Жазықсыз аза­­маттарды өздерінің кінәлі емес еке­нін сотта дәлелдеу құқығынан айыр­мауы­­мыз қажет. Сонымен бірге Әкім­ші­лік құқықбұзушылық туралы ко­декс­тің 851-бабына сәйкес кассациялық сот, ау­дан­дық соттың қаулысы бойынша адам­дардың өмірі, денсаулығы үшін не Қа­зақстан Республикасының эко­но­ми­касы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін бо­ла­тын істерді ғана қарайды екен, бас­қа істерді қарауға шектеу нормасын ен­гізіп қойған. Бұған көптеген құқығы бұ­зылған азамат наразы! Сондықтан көп­теген азамат жол-көлік оқиғасы, бұ­зақылық, тағы басқа істер бойынша кас­сацияға шағымдану құқығынан шек­телген. Дербес кассациялық сот құра­тын болсақ, осыны ескеріп заңдағы шек­теулерді алып тастау қажет. Ең бі­рін­ші кезекте азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалуы керек. Дербес кассациялық сот біраз мәселені ше­шеді деп ойлаймын. Ол үшін штат са­нын көбейтіп, жаңа соттарды сайлау қажет.

Сонымен қатар айта кететін жағдай, кейде құқығы бұзылған азаматтар білік­ті адвокат таппай, біраз ойланып, тол­ғанып әркімнен кеңес сұрап жүрген кез­де шағымданатын мерзімдерін өт­кізіп алып опық жеп жатады. Соның ішін­де «Соттарға, облыстық соттың апел­ляциясына және Жоғарғы Соттың кассация сатысына бұзылған құқық­та­ры­мызды қорғап қалай шағым­да­на­мыз?» деген мәселе туындап жатады. Мұн­дай кезде адвокаттың көмегіне жү­гінуге тура келеді не болмаса маған ті­келей хабарласып, құқықтық кеңестер алуына болады.

– Президент сот жүйесін реформалау аяқ­талмайтынын, ол соттан тыс маман­дар­дың көмегімен жетілдірілетінін айт­қан еді. Жалпы сот жүйесінің дамуына та­ғы қандай кедергілер бар?

– Тағы бір мәселе – Астана және бас­­қа кейбір облыстарда, сот про­цес­те­рінің 80 пайызға жуығы көбіне ресми тіл орыс тілінде өтіп жатады. Оған се­беп – талапкерлер мен жауапкерлердің жә­не заңгер өкілдерінің қазақ тілін ер­­кін білмеуінде. Мәселен, талапкер қа­зақ болғанымен, оның өкілі заңгер қа­зақ тілін білмегендіктен, талап арыз­дарды сотқа орысша береді. Соған сәй­кес, сот істерді орысша қарауға мәжбүр бо­­лады. Яғни, тепе-теңдік жоқ десе де бо­­лады, ресми тіл орыс тілінің мәртебесі жо­ғарылап кеткен. Осыған заңмен шек­теу қойып, талап арыздарды тек қа­зақ тілінде беру керек. Ал сот про­це­сінде тараптарға түсініксіз болса, онсыз да аудармашы беріледі. Орыс тілі қазақ тілінің дамуына кедергі келтіріп отыр. Кейбір соттар тіпті қазақ тілін білмесе де қызметке өтіп кетіп жатыр. Мұның бә­рі қазақ тіліне деген құрметтің бол­мауында. 

– Сот билігінің мақсаты – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бос­тан­дықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, рес­публиканың Конституциясының, заң­дарының, өзге де нормативтік-құ­қық­тық актілерінің, халықаралық шарт­тары­ның орындалуын қамтамасыз ету. Жал­пы, соңғы уақытта тұрмыстық зор­лық-зомбылық жиі өршіп тұр. Содан кейін билік те бұған аса назар аударып тиіс­ті шаралар қабылдап жатыр. Осы жө­нінде не дейсіз?

– Бүгінде зорлық-зомбылық мәсе­ле­сінің өршуіне байланысты қоғамда қат­ты наразылық туып, жаппай Пре­зи­денттің атына ашықхаттар жолдана бастаған еді. Оның ішінде Бала құқық­тары жө­ніндегі уәкіл ана мен балаларды қор­ғауды құқықтық тұрғыда жетілдіру де бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан бұл қолдау тапты. Балаларды мемлекеттің қорғауы, әрине жөн. Балаларына қарамайтын, олар­дың оқуымен, жағдайы­мен айна­лыс­пай­тын ата-аналар көп-ақ. Осын­дай жағ­дай­да сот аза­мат­­тардың ата-ана болу құ­қы­­ғын шек­теп, не бол­маса айы­руға дейін ба­рып, ба­ла­ларды мемле­кет қарамағына алу жұ­мыс­тарын да жүр­гізеді. Ал енді үйде от­басылық ұрыс-жанжалға келетін болсақ, әйелдер күйеуінен таяқ жеп, қор­ғансыз күйге түспес үшін бұл ба­ғытта заңдар кү­шейтілген. Тұр­мыстық зорлықтан зар­дап ше­гушілер өміріне не ден­сау­лы­ғына қауіп төнгенде по­лиция шақырады. Ал қызмет­кер­лер келген кезде агрес­сор­ларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Кө­біне поли­ция келіп кет­кен­нен кейін отбасындағы жан­­жал әрі қарай жалға­сып, кейде бұл ауыр жағ­дайға әкеліп соғып жатады. Ұсынылған түзету­лер зардап шегу­шінің ары­зын­сыз Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік бе­реді. Хаттама тол­тыру үшін куә­гер­лердің, көр­­­­­­ші­лердің айғақтары немесе бейне­ба­қылау камераларының жаз­балары жеткілікті болады. Ал соңғы шешімді сот қабыл­дайды. Кейде осыны пайдала­нып, әйел адамдар да күйеуіне қарсы про­вокация жасап, «Мені ұрып-соқты, қоқан-лоқы жа­сады» деп 102-ге хабар­ласып, по­ли­ция өкілдерін ша­қы­рып, жал­ған ақ­парат беріп жатады. Мұн­дай жағдайлар жетерлік. Осы жағын да ес­керіп, ер­кек­тердің жазықсыз жапа ше­гуі­не жол бе­ріл­меуі керек. Сондықтан жа­ла жауып, 102-ні шақырған әйелдерді де жазаға тарту мәселесін қарастыру қа­­жет.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан 

Наурызбек САРША