Алматы-Өскемен тасжолының 568-шақырымында жол апатынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E маркалы көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.