Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Сәтбаев қаласының орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олардың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Видеодан орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында BMW және Mercedes көліктерінің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады.
Жүргізушілер жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызғаны үшін жауапқа тартылды.
- Полиция қызметкерлері екі көліктің де жүргізушілерін тауып, әкімшілік жауапқа тартты. Олар Сәтбаев қаласының 20-25 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Көліктер айыптұраққа қойылды. Автокөлік жүргізушілерге жол ережесін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм арнасы таратқан ақпаратта.