29 қаңтар күні таңертең Астанада қар тазалау жұмысына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
29 қаңтар күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 44 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 3,3 мың ауыр жүк көлеміне тең.
Қысқы кезеңде елордадан барлығы 3,1 млн текше метр қар шығарылды, ол үшін полигондарға жүк машиналарының 231 мыңға жуық рейсі жасалды.
«Қазгидромет» синоптиктері 29 қаңтар күні Астанада аздаған қар, көшпелі бұлт және кейде тұман болады деп болжап отыр. Ауа температурасы күндіз 12-14 градусқа дейін төмендейді.