Бұл туралы Aikyn.kz сайтына жылжымайтын мүлік саласында 22 жыл тәжірибесі бар Эльмира Рахимжан айтып берді.
«Мен негізі ипотекаға көкеңіз не апаңыздан тегін ақша алғандай қабылдаңыз деймін. Қазір жүз мың деген өте үлкен сома сияқты көрінеді. Бірақ 5 жылдан кейін инфляцияның арқасында 30 мың сияқты сезіледі. Сондықтан ипотека алуға қорықпаңыз. Тек қалай алуды біліңіз», - дейді сарапшы.
Тақырыпты тарқата келе, жылжымайтын мүлік сарапшысы мынадай маңызды 7 кеңес айтты:
– Бір банкке барғаннан кейін тоқтап қалмау. Уақытыңызды бөліп, барлық банкті салыстырыңыз. Проценттеріне мән беріңіз. 1-ақ процент айырмашылығы бар дегенмен, ақшаға айналғанда әжептәуір сома шығады.
– Ипотека рәсімдеген кезде клиент өмірін сақтандырмау. 20 жыл ол 20 ай емес. Тұтас адамның өмірі, ол уақытта қандай жағдай болатынын білмейсіз. Сондықтан міндетті түрде сақтандыруды қосыңыз.
– Ипотека келісімшартын түгел оқымай қол қою. Уақыт бөліп, келісімшартты әбден оқыңыз, әсіресе, майда шрифтті толық оқыңыз. Ертең алдыңыздан жағымсыз тосынсый шығып тұрмауы үшін ерінбей оқыңыз.
– Қолдағы бар ақшаны жұмсап жіберу, қосымша сома алып қалмау. Көбісі бастысы осы деп, бар жиғанын бастапқы жарнаға құяды. Бірақ ертең жаңа үйге көшу, мебель алу, нотариус деген шығындар бар емес пе?
– Ай сайынға төлемнің үлкендігіне мән бермейді. 20 жыл ішінде не болатынын білмейсіз, сол үшін ай сайын ТӨЛЕЙ алатын соманы алыңыз. Сізге ЫҢҒАЙЛЫ график жасатыңыз.
– Ипотеканы уақытынан бұрын төлеуге асықпау. Табысыңыз бір орында тұрмайды, өседі. Бірақ өскен табысты көпшілігі ипотеканы тезірек жабуға емес, басқа арнаға жұмсайды. Тойға, демалысқа т.б. яғни бар ақша қарызды жабуға емес, босқа жұмсалады.
– Ай сайынғы төлемдерді кешіктіру. Сіз шарттағы міндеттемені орындамасаңыз, қарыз өсе береді. Уақытылы төлемегеніңіз үшін пеня, штраф жазылады. Ал ол сізге керек пе?