Қостанайда полицейлер синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты ұстады
Фото: polisia.kz
778
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 10-15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

Олар есірткіні таратумен айналысқан. Полицейлер 300-ден 500 грамға дейінгі есірткі партиясын алған ерлі-зайыптылар, үйінде zip пакеттерге шағын дозаны салып, қойып кету арқылы таратқан. 

Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған. Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңге болады. 

«Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақша және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды», – деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов. 

Қостанай облысының ПД былтыр заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленді.