Ауыр атлетика шебері 44 жасында өмірден озды.
Белгілі қазақстандық ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды
1,264
оқылды

Белгілі қазақстандық спортшы, ауыр атлет Вячеслав Ершов дүниеден өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының Instagram парақшасында жазба жарияланды.

«2024 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав Ершов өмірден өтті.

Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады, қайғыға ортақпыз»,  делінген жазбада.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Вячеслав Ершов пен Майя Манеза 2013 жылы отбасын құрған болатын.