Атырау облысында жыл басынан бері 25 өрт оқиғасы тіркелді.
Атырауда жыл басынан бері өрттен 4 адам көз жұмған
572
оқылды

Оның ішінде, өрт оқиғаларының 14-і тұрғын үйде, 11-і автокөлікте болған. Өрт оқиғасынан 1 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапты. Сондай-ақ көмірқышқыл газынан 1 адам уланған.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Утешов мәлім етті.

 

Өрттің шығуына көп жағдайда электр құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін сақтамау себеп болады. Балалардың отпен ойнауы да өртке ұласады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА