Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталатын болады.
Шымкентте қыз алып қашқан жігіт қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz
1,358
оқылды

Шымкентте қыз алып қашқандарға қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы арызданған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының Г. есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталатын болады.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.