Краудфандинг: заманауи асарға аралас
Краудфандинг: заманауи асарға аралас
543
оқылды
Жалғыздың үні шықпайды. Қай жа­ғынан алып қарасаңыз да, солай. Мұны адамзат баласы бағзы заманнан біледі. Бұл тіркес бү­гінде крауд­фандинг атауына ие. Қазақшалап зама­науи асар дерсіз немесе жай ғана қайырымды жұма. Тө­менде асардың ел қажетіне жарар тұсы жайында айтамыз. Әлемге танымал airfunding.net атты сайт бар. Онда краудфандинг арқылы 10 млн дол­ларға дейін ақша жинауға болады. Өйткені сайтта жаһанның 200 елінен қолданушы тіркелген. Әркім өз жобасын таныстырып, ішкі қа­лауын жазады. Сайтқа кіргенде Вини атты бойжеткеннің жаз­ба­сына көзіміз түсті. Ол Жапонияға барып оқуды, тілі мен мәдениетін үйреніп, сонда жұмыс істеуді қалапты. Бірақ күншығыс елінде білім алу қымбат болған­дықтан краудфандингке жүгінген. Нәти­жесінде, ол қазір Жапонияда тұрып жатыр.  

Краудфандинг қажет пе?

Білімді, өжет, өз ісін жақсы білетін азаматтың ақшасы жоқ болуы мүм­кін. Бірақ оның жақсы жобасы мен алға қойған мақсаты бар. Осын­дайда краудфандинг көмекке келеді. Яғни, ұғымның өзі топпен қаржыландыру деген мағына біл­ді­реді. Немесе қазақы түбірі – асар. Әлем елдері зама­науи асарды көбіне бизнес, білім, мәдениет пен өнерді дамытуға жұмсайды. Краудфандинг ережесі бойын­ша кез келген адам бастама көте­ріп, қолдау таба алады. Ақша жи­­найтын адамды реципиент дейді. Ал қаржы аударып, үлес қосқандар до­нор, демеуші немесе инвестор аталады. Краудфандинг арқылы қандай қажетті өтеуге болады? Емдеу мен операция ақысын төлеп, түрлі мақ­сатта қайырымдылық акция­сын өткізе аласыз. Волонтерлік жобалар да осыған кіреді. Кейбір компанияны қаржыландырып, қоғамға инвестиция құйып, тіпті бизнеске бастапқы капитал сала­сыз. Ал қазір стартаптарды қол­дау­ға да краудфандингтің себі тиеді.

 width=

Талап пен қағида

Платформадағы краудфан­динг жоба авторының, жетекшінің кәмелеттік жасқа толуын талап етеді. Әрі жиналған соманы тек бастапқы мақсатқа жаратуын қадағалайды. Реципиент жоба идеясымен жан-жақты танысты­рып, әлеуметтік стартап болса, қо­ғам игілігіне жарайтынын жұрт­қа жеткізе білуі керек. Сон­дай-ақ нақты қанша ақша керегін жазғаны жөн. Мәселен, сөз ба­сында аталған сайтта Трис атты қолданушы 1 590 доллар қажет екенін жазған. Одан басқа сайтта медицина, бизнес, апат және тағы басқа бөлім бар. Соңғы атаған бөлімде су басу, өрт пен тасқын салдарынан болған табиғат апа­тына қол ұшын созады. Сонымен бірге airfunding.net-те әлемге та­рап жатқан коронавируспен ауыратындарға қолдау білдіру үшін жоба басталған. Қазір Ухань мен Хубэйге көмек көрсету үшін меже бекітілген. Бастысы, мұндай көмек елеу­сіз қал­май­ды. Краудфандинг ере­жесі бойынша донорға қайтарым бар. Мәсе­лен, бизнес пен стар­таптың өркендеуіне септігі тисе, олар өз өнімін немесе кәдесый тара­тады. Немесе ұйымдасты­ру­шылар атынан сер­тификат та­быс­талып, ашылу салтанатына шақы­ру алуы мүмкін. Келешегі жарқын краудфан­динг жоба жасау үшін сәтті жоспар құрып, жұртты иландыра білу керек. Бастысы, жобаны сайтта бастасаңыз платформаны, әлеу­меттік желіде аккаунтты жіті қада­ғалаған жөн. Автор ретінде кәсіби түрде бел шеше кірісіп, әлемдік тәжірибені кәдеге жаратқан дұ­рыс. Мұның бәрі – краудфандинг әлемін зерттеп жүргендердің плат­формада қалдырған пікірінің жиынтығы.  

Әлем көмекке зәру

Заманауи асардың астарында қажеттілік жатыр. Мәселен, Marillion тобының әнін естігісі келгендер олардың АҚШ-та өнер көрсетуіне интернет арқылы ақша жинаған. Нәтижесінде, Marillion Американы аралап, концерт берді. Сондай-ақ ArtistShare ком­паниясы да крауд­фандингтің көмегімен құрылған. Продюсер Бенджамен Поммеро мен Гий Колбоктың «Кешті күту» фильмі асардың арқасында түсірілгенін білесіз бе? Олар платформа арқы­лы қажетті соманы жинай алды. Ұлыбри­таниядағы фрилансер­лерге ар­налған тауар ассоциация­сының құрылуына да крауд­фан­динг әсер еткен. Ал қазақстандықтар мен ре­сейліктер «28 панфиловшы» деген фильмді осы тәсілмен түсірмек еді, бірақ кейін мемлекет қолдауы қажет болды. Иә, әлемде краудфандинг десе, бірден Kickstarter мен Indiegogo сайты еске түседі. Мәселен, Kickstarter сайтында осыған дейін жобаларға 4 млрд доллардан астам ақша жиналып, 178-ден астам жоба іске асқан.  

Қайырымды жұма

Еліміздегі краудфандингтің ордасы – әлеуметтік желі. Instagram парақшасы арқылы елге қол ұшын созып, қайырымды іс атқа­рып отырғандар баршылық. Мы­салы, «Қайырымды жандар» ерік­тілер тобы осыдан 4 жыл бұ­рын құрылған. Топтың ұйымдас­ты­рушысы – Назерке Базарбек­қызы. Оның айтуынша, қазір топта 500-ден аса ерікті бар. Олар үшін ма­ңыздысы – ниет. «Мына­дай сома аударасың» деген шарт жоқ екен. «Қайырымды жандар» арнайы есепшот арқылы ақша жинайды.  

«Мың алғыс» қайырымдылық кешінде Дәулет Мұқаев жазылушылары аты­нан мидың қатерлі ісігіне шал­дыққан Самат Ақбергеновке 19 млн теңге қаражат тапсырды. Бұл – Дәулет Төлеутайұлы ұйым­дастырған қайырымды жұманың арқасында жиналған сома.

  Одан бөлек Харекет қайы­рымдылық қорының бар екенін бәрі біледі. Қордың мақсаты – жетім мен жесірді, көпбалалы ананы баспанамен қамтамасыз ету. Қазіргі есеп бойынша қор 173-ші баспанасын табыстады. Мұнда да үлес қосқыңыз келсе, кісі атына тіркелген есепшотқа қалағаныңызша ақша аударасыз. Өткен сенбіде өткен «Мың алғыс» қайырымдылық кешінде Дәулет Мұқаев жазылушылары аты­нан мидың қатерлі ісігіне шал­дыққан Самат Ақбергеновке 19 млн теңге қаражат тапсырды. Бұл – Дәулет Төлеутайұлы ұйым­дастырған қайырымды жұманың арқасында жиналған сома. Оның сөзінше, краудфан­динг – қайырымдылық, асар және жәй ғана қайырымды жұма. Ол бала кезінен қайырымдылыққа жаны құмар болыпты. Ардагердің ауласын сыпырып, студент ша­ғында Қызылағашқа жәрдем беріп, топ болып ұйымдасып жүрген. Келе-келе баспанамен қамтамасыз етуді қолға алған. Одан бөлек халықтың қаржылық сауатын көтеруге бел шеше кі­ріскен. Сәйкесінше, Төлеутайұ­лы­ның демеуімен ел баспаналы болып, кәсіп ашып жатыр. «Бо­лашақта шетелдегідей сайт ашып, қайырымды жұманың ауқымын кеңейткіңіз келмей ме?» дегені­мізге ойында бір жобаның барын айтты. Оның болашақта білім қор ашсам деген ниеті бар екен. Бүгінде әлеуметтік желіні пай­даланып, қайырымдылық жасай­тын да, белден басатыны да бар. Сол үшін қайырымдылық ауда­рымдарын тезге салатын немесе қадаға­лай­тын жүйе керек-ақ. Ал «Қалаулым» қаты­сушы­сының тойына ақша жинау үшін жеке есепшотын жа­рия­лағанын көрген жұрт жағасын ұстады. Артынша ойланғаны ма, әлде ұялғаны ма, әлгі жігіт жаз­басын өшіріпті. Осы­ған орай асар жеке мүдде емес, ізгі ниет пен көңілдің көрі­нісі екенін ұмыт­пасақ екен.    width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ