Семей қаласында ірі сауда үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Киім-кешек саудаланатын ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазір сол жерде өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
«Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.
Өрттің жалпы ауданы нақты айтылмады. Сонымен қатар оның неден шыққаны да әзірге белгісіз.