Есікте үй өртеніп, үш бала қайтыс болды
Есікте үй өртеніп, үш бала қайтыс болды
Фото: © instagram/taldykorganec.insta
222
оқылды
Бүгін 4 наурызда Алматы облысы Есік қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш бала қаза тапты, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі. Өрт орнынан Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына зардап шеккен 68 жастағы әйел жеткізілді. «Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, барлық жетекші медициналық маман тартылды. Дәрігерлер науқастың өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін салып жатыр. Бұл – орны толмас қаза. Еңбекшіқазақ ауданының медицина қызметкерлері қайтыс болғандардың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтады» делінген хабарламада.