Уақыт көрсетіп отырғандай, Жексембековтің көп идеясы мен ісі өз заманынан озық болды. Оның мал дәрігері мамандығын таңдауының себебі туған жерінде еңбек етіп, ауылдастарына пайдасын тигізсем деген ниетімен айқындалды. 1963 жылы институтты үздік бітіріп, өз елінде кәсіби маман атануы – соның дәлелі. Абыхан Жексембековті совхоздың шалғайдағы көшпелі мал шаруашылығына жібереді. Әр жерде ол жақсы нәтижелерге жетеді. Жас маман ретінде оның ұйымдастырушылық қабілеті дәл осы жерде көрінеді.
1972 жылы туған ауылына, Ленин атындағы колхозға оралып, бар күш-қуатын, іскерлігін, жұмыс қабілеттілігін осы ауылдың өсіп-өрлеуіне арнады. Колхоздың даму тарихы адамдардың еңбек жетістіктерімен, өз күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімімен, жақсы заманға деген үмітімен тікелей байланысты. Ал бұл жерде Абыхан Жексембековтің жаңа идеяларды ұйымдастырушы және насихаттаушы ретіндегі рөлі өте маңызды. Өйткені күнделікті болып көрінетін еңбек ерліктері, қазіргі атаулар осыған байланысты болды. Шындығында, егін өнімділігін, сүтті, мал басын т.б. арттырудағы еңбектері ең жоғары қажыр-қайратты қажет етті. Әрине, бұл мемлекет назарынан тыс қалмады. Абыхан Жексембеков 1972 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Кеңес Одағы жылдарындағы бұл сыйлықтың мақсатын, Одақтың тарихын зерделеу – қазіргі жас ұрпаққа сабақ емес пе?
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қиындықтарға төтеп беретін, колхозды басқаратын мықты басшы, ұйымдастырушы керек еді. Жеке ауылшаруашылық құрылымдарын ұйымдастыру, сонымен бірге соғыс және еңбек ардагерлерін, халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған топтарын ұмытпау идеясын Абыхан Жексембеков шешті. Экономикалық қиын жағдайды ескере отырып, Германия мен Ресейге жаппай кетіп жатқан жұмысшыларды жоғалтпау, инвесторлар тарту үшін шешуші шаралар қабылдау қажет болды. Бұл уақыт қабатын әлі де жас ұрпақ зерделеуді қажет етеді. Бірақ Жексембеков өзінің пікірлестерімен бірге бүгінде ілгері басқан тұңғыш тұқым шаруашылығын құрды.
90-жылдары тәуелсіз мемлекетіміз үшін уақыттың жаңа есебі басталып, Абыхан Жексембеков сынды тұлғалар тәуелсіздіктің қалыптасуына жүргізуші ғана емес, қатысушысы да болды. Жаңа мемлекеттің қалыптасуы барлық салада кадрлардың болуын білдіреді. Ал мектеп оқушыларын ана тілінде оқыту мәселесі, әсіресе, тарихта бұрын-соңды ұлттық мектеп болмағандықтан Түрген ауылында осы сұрақ өзекті мәселеге айналды. Абыхан Жексембеков ауыл әкімшілігінің басшысы бола тұрып, бұл мәселемен тығыз жұмыс істей бастады. Тағы да мемлекеттік мекемелерді аралап, 1994 жылы ауыл тарихында тұңғыш рет қазақ мектебі ашылды.
Ол кезде материалдық базасы болмағандықтан оны мектеп деп айтуға да қиын болатын. Әкім Абыхан Жексембековтің табандылығы мен ұстаздардың сенімі ғана ғажайыпты жасай алды. 1995 жылы алғашқы түлектері мектепті бітіріп шықты. Мұны тек ұстаздар ғана емес, мектептің алғашқы түлектері де есте сақтайды деп сеніммен айта аламын. Абыхан Жексембековке берілген «Білім беру ісінің үздігі» атағы соның айғағы.
Жыл сайын 1 ақпанда оқушылар мен ұстаздар қауымы Абыхан Жексембековтің өмірбаянын зерделеп, оқу жетістіктері мен атқарылған игі істерді қорытындылап, жаңа бастамаларды жоспарлайды. Демек, осы мектеп арқылы Абыхан Жексембековтің ізі жалғасуда.
Рысгүл ШАЛҒЫМБАЕВА,
А.Жексембеков атындағы орта
мектеп директорының орынбасары
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы