Осы аптада сейсенбі күні (6 ақпанда) Жапонияның солтүстік аралдарына жақын маңда мұз құрсауында қалып қойған оннан аса кит туралы әлемдік басылымдар хабарлама жазды. Киттердің қайда екені белгісіз?
Жапония маңында мұз құрсауында қалған киттер тірі ме? (видео)
Косатканың аузына пингвин өзі келіп түсті. Фото dzeninfra.ru сайтынан алынды
1,703
оқылды

BBC News құрсауда қалған киттер ашық теңізге шығып кеткенін Жапонияның ресми өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. Aikyn.kz бұл оқиғаның қалай аяқталғанын сол хабарламаға сүйеніп түсіндіреді.

Косаткалар жыртқыш киттер түріне жатады. Фото commons.wikimedia.org сайтынан алынды. Авторлығы: Callan Carpenter

Жапонияның солтүстік аралындағы суларда қалың мұз құрсауында қалып қойған 14-15 киттер (косаткалар) тобы ашық теңізге шығып кетуі мүмкін екенін жапониялық шенеуніктер хабарлаған. Киттердің құрсауда қалғанын Хоккайдо аралынан бір шақырымдай жерден балықшы байқаған. Ол бірден жағалау күзеті қызметімен хабарласқан.

Дроннан түсірілген видеода жануарлардың бір-біріне жақын топтасып, дем алу үшін бастарын судан шығарып жатқанын көруге болады.

Жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының үндеулерінен кейін Жапонияның ресми органдары киттерді бақылау үшін теңіз жағасына барған. Жапондық телеарна көрсетілген сюжеттер қоғамның алаңдаушылығын тудырды және Үкіметтің бұл оқиғаға араласуын талап етті.

Экологиялық ұйымдар жапон үкіметінен құрсауда қалған киттерді босатуға мұзжарғыш жіберуді де сұрады.

Бірақ шенеуніктер сәрсенбіде (7 ақпанда) соңғы бақылау кезінде киттерді бұрынғы орнында таба алмағандарын мәлімдеген. «Біз олар аман-есен ашық теңізге шығып кетті деп ойлаймыз», – дейді теңіз жағасындағы Раусу қаласының шенеуніктері.

Олар киттер мұз құрсауы ажыраған тұстан аман-есен ашық суға кеткен деген болжам жасаған.

Ақылды киттердің итбалыққа шабуылы туралы видео:  

Жағалау күзеті мұз тым қалың болғандықтан, құтқару операциясын бастай алмағанын NHK қоғамдық телеарнасына жергілікті шенеунік айтқан. Жапондық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2005 жылы осындай жағдайда 9 кит сол аймақтағы мұзға кептеліп өлген.

Жапондық ақпарат құралдарының хабарлауынша, киттердің осы түрі (косатка) басқа ірі киттерге қарағанда су астында тым ұзақ тұра алмайды, бірнеше минут сайын су астынан шығып дем алуы керек. Желіде таралған видеода да жануарлар бір-біріне тығыз жиналып, дем алуы қиындағанын көруге болады.