Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаменті хабарлады.
Жарияланған ақпарат бойынша, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.
Дереу мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем шақырылғаны айтылды.
Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізіліп, бірақ оң нәтиже бермеген. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр.